Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Шетелден әкелінген телефонды тіркеу жеңілдеді

Енді шетелден телефон сатып алып келсеңіз, оны тіркеу әлдеқайда оңай.

Бұрынғыдай қағаз жинап, сайт шарлап әуре болмайсыз. Өйткені гаджеттің заңдылығын мемлекеттік база өзі автоматты түрде тексереді. Бұл талап смартфонды шетелден сатып алатын қазақстандықтар мен байланыс құралын сырттан таситындарға да қатысты.

Ал егер құрылғы «сұр тізімге» енсе, оны растауға 30 күн беріледі. Осы уақыт ішінде тексерістен өтпесе, смартфон байланыстан ажырайды. Азаматтар eGov Mobile қосымшасы немесе portal.imei.gov.kz сайты арқылы тіркеу үшін өз өтініштерін жолдай алады.

Үсен Астана

← Все новости