Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Жақында тағы бір сайлау өтеді

Жақын арада елімізде тағы бір саяси науқан өтеді. Бұл жолы электорат жергілікті мәслихат депутаттарын сайлайды. Дауыс беру күні 29 қарашаға белгіленді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман хабарлады. Оның айтуынша, алдағы сайлауда 228 мәслихатқа 3 мың 447 депутат сайланады. Атап айтқанда, 20 облыстық мәслихатқа — 668 мандат, 38 қалалық мәслихатқа — 626 мандат және 170 аудандық мәслихатқа 2 мың 153 мандат бөлініп отыр. Кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну 14 қазанда басталып, 27 қазан күнгі кешкі алтыға дейін жалғасады. Партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-ге дейін аяқталуға тиіс. Сосын бірден үгіт-насихат басталып, ол 28 қарашада сағат түнгі он екіге дейін жалғасады.

← Все новости