Енді шетелдіктерге оңды-солды жеке сәйкестендіру нөмірі берілмейді. Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгеріс енгізіп, талапты қатаңдатпақ. Жаңа ережеге сай, елімізде ЖСН алғысы келетіндердің құжаттары иммигранттардың эталондық деректер базасы арқылы жіті тексеріледі. Бұл Қазақстанда заңсыз жүрген мигранттардың ЖСН алуына тосқауыл қоймақ. Ведомствоның мәліметінше, түзетулер көші-қон заңын бұзушыларды анықтап, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын мәліметтердің дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетейін, бұл қадам цифрландыру және дербес деректерді қорғау туралы жаңа заң аясында әзірленді.