Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Король мен патшайым Ұлттық музейге барды

Тамыры терең тарихымызға қанық болды. Елімізде мемлекеттік сапармен жүрген Бельгия королі Филипп пен Патшайым Матильда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ұлттық музейді аралады. Мәртебелі меймандар Ұлы дала мұрасымен танысып, тарихи экспозицияларды тамашалады. Олар әсіресе Алтын залына ерекше ықылас танытты. Мұнда бірегей археологиялық жәдігерлер мен ежелгі зергерлік өнер туындылары жинақталған. Қонақтардың назарын Есік қорғанынан табылған әйгілі «Алтын адам» және Берел, Талды-2, Тақсай, Шілікті обаларынан шыққан құнды бұйымдар ерекше аударды. Ал этнография залына саяхат барысында қазақ халқының сан ғасырлық салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін өз көздерімен көрді.

← Все новости