Гватемалада 15 жастағы қыз жаназа кезінде кенеттен тіріліп кетті.
Қоштасу рәсімі барысында туыстары табыттағы бойжеткеннің қимылдағанын байқаған. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Юлейди есімді жеткіншек кенеттен есінен танып қалған соң, әкесі оны ауруханаға жеткізбек болады. Бірақ жол-жөнекей қызының тынысы мен тамыр соғысы тоқтағанын көріп, көз жұмдыға санаған.
Ең сорақысы — емхана дәрігерлері де науқасты жедел тексерместен, «өліп қалды» деген анықтама бере салыпты. Ал табыттан шыққан қыз тек жүрегінің қатты соғып, талып қалғанын айтыпты.
Гүлмира Тасболатқызы