Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысы өтті

Қазақ халқының бай мұрасымен танысқан Бельгия Королі мен Патшайымы еліміздің экономикалық әлеуетін де назардан тыс қалдырған жоқ. Президент пен мәртебелі меймандар Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысып, қос мемлекет арасындағы серіктестікті талқылады. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссель ел экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіретінін айтты. Өйткені кейінгі жиырма жыл ішінде бельгиялық компаниялар Отанымызға 15 миллиард доллардан астам қаржы құйған. Осы орайда Президент Король Филипптің екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қосқан үлесін атап өтті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сіздің Бельгия бизнесіне көрсетіп келе жатқан қолдауыңыз серіктестігімізді ілгерілетуге зор ықпал етті. Дегенмен ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға әлеуетіміз жеткілікті. Осы орайда Еуропадағы ірі логистикалық орталықтың бірі ретінде Бельгияның бай тәжірибесінен үйренеріміз көп. Антверпен-Брюгге порт кешені мен Каспий теңізіндегі Ақтау, Құрық порттары арасында нәтижелі серіктестік орнайтынына сенімдіміз. Бұл Қазақстанның металл, мұнай химиясы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін үлкен нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.

Ал Король Филипп тараптар арасында Еуропа мен Орталық Азияның байланысын нығайтуға қажетті алғышарттың барлығы бар екенін атап өтті. Әрі Қазақстан еуразиялық кеңістіктің маңызды аумағы екенін жеткізді. Соның арқасында сауда, инвестиция және жасыл экономиканы дамыту орталығына айналғанын айтты. Кәрі құрлықтан ат арытып жеткен қонақтар Мемлекет басшысымен бірге Ректорлар форумына да қатысты. Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындарының жетекшілері бас қосқан іс-шара интерактивті пікірталас форматында ұйымдастырылды.

← Все новости