Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Пәтер сатып алуға қажетті алғашқы жарна көлемі азаяды

Баспана аңсап жүрген жандарға жағымды жаңалық.

Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты ведомстволарға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға қажетті алғашқы жарна көлемін азайтуды тапсырды. Тұрғын үйлер барлық инженерлік жүйеге қосылып, ауласы абаттандырылған күйде ғана пайдалануға берілуі тиіс.

Осыған байланысты әкімдіктер жер телімдерін алдын ала дайындауға және инфрақұрылым тартуға міндеттелді. Жыл соңына дейін елімізде 20,4 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілмек.

Үкіметте сондай-ақ ауыл-аймақтарды газдандыру мәселесі де қозғалды. Осы жыл аяқталғанша елімізде көгілдір отынмен қамту деңгейі 64,5 пайызға, ал 2030 жылға дейін 80 пайызға жетуі тиіс.

Гүлмира Тасболатқызы

← Все новости