Елімізде жеткіншектердің деректері «Балажан» деп аталатын платформаға жинақталатын болды. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Жаңа жүйеде отбасына қатысты ешқандай жаңа талап болмайды. Педагогтер тек бұған дейін түрлі ақпарат көздерінде жүргізілген мәліметтерді бір платформаға топтастырады. Бұл ерекше назар мен қолдауды қажет ететін балаларды ертерек анықтап, тиісті көмекті уақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді екен. Балалардың деректері заңнама талаптарына сай қорғалады.
Маржан Нүсіпбек