Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Астанада жолақы қымбаттайды

Астанада автобус билетінің жаңа тарифі бекітілді. Қалаішілік қоғамдық көліктерде электронды төлем 150 теңге болады. Ал жолақыны қолма-қол төлейтіндер үшін билеттің құны – 300 теңге. Экспресс бағыттардың да бағасы шарықтады. Картамен немесе кьюармен төлеу – 300 теңге. Қолма-қол төлейтіндер үшін – 400 теңге. Алайда әкімдік жаңа тарифтің қашан қолданысқа енетінін нақтыламады. Ресми қаулы қабылданған соң, жауапты орган халыққа он күн бұрын алдын ала хабарламақ. Ал жеңілдіктер бұрынғыша қала береді. Яғни 18 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін, ол үшін мектептің көлік картасын көрсетсе жеткілікті. Зейнеткерлер, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен соғыс ардагерлері де автобустарда тегін жүре береді.

← Все новости