Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Медеу мен Шымбұлаққа барар жол жабылды

Алматы әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарына ескерту жасады. Қазанның 19-ы мен 22-сі аралығында «Медеу» мен «Шымбұлақ» бағытына жоспарланған сапарды шегере тұрған жөн. Үш күн бойы «Горельник» визит орталығы маңындағы жол қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл аумақта диаметрі бір жарым метрлік жаңа су құбыры орнатылмақ. Сондықтан демалыс күндері тауға шығуды жоспарласаңыз, жол жүру маршрутыңызды алдын ала нақтылап алған жөн.

← Все новости