Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Жатақханадағы орын тапшылығы азайды

Оқуға түсіп, жатақханадан орын таба алмай жүрген студенттер азайды. Соңғы жеті жылда бұл көрсеткіш 82 мыңнан 5 мыңға дейін төмендеді. Осы уақыт ішінде шәкірттер үшін 267 жатақхана есігін айқара ашты. Нәтижесінде 66 мыңнан астам жаңа орын пайдалануға берілді. Дегенмен орын жетпей жатқан жастар әлі де бар. Ғылым және жоғары білім министрлігі өзге өңірден келгендерді жататын жермен қамтуды басты міндет санап отыр. Сондықтан алдағы уақытта да студенттер үйінің құрылысы тоқтамайды. Жауаптылар бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да жалғастыра бермек.

← Все новости