Болашақтың көліктері біз ойлағаннан да жақын бола түскендей. Tesla компаниясы реактивті қозғалтқыштармен жабдықталған жаңартылған Roadster спорт көлігін таныстырды. Электрлі көліктің жаңа буыны алғаш рет 2017 жылы көрсетілген еді. Енді компания оның өндірісін 2028 жылы бастауды жоспарлап отыр. Екі орындық көлік Tesla басшысы Илон Маскке тиесілі SpaceX зымыран жасау компаниясымен бірлесіп әзірленген. Таныстырылым кезінде автомобильдің ерекше мүмкіндіктері көрсетілді. Ол арнайы жүйенің көмегімен төңкеріліп қозғалып, ауада айналып, кіріктірілген қозғалтқыштар арқылы қайта жерге қонған.
ИЛОН МАСК, КӘСІПКЕР:
Көлікте аса жоғары қысымға төзімді жетілдірілген ауа резервуары орнатылған. Соның арқасында автомобиль ауа қорын өздігінен толықтыра алады. Арнайы отынның немесе жанармайдың қажеті жоқ. Ол ауаны өзі сығып, қажетті сәтте маневрлерді орындай алады.
Маскінің айтуынша, Roadster сағатына 60 миль жылдамдыққа бір секундқа жетпейтін уақытта үдей алады. Ал ең жоғары жылдамдығы сағатына 230 мильден асады. Бұл сағатына шамамен 370 шақырымға тең. Дегенмен мұндай технологияны қоғамдық жолдарда қолданудың қауіпсіздігі мен заңдылығына қатысты мәселелер әзірге толық шешілмеген.