Елімізде әлеуметтік төлемдердің көлемі артады.
Бірақ бәрі бірдей емес. Тек еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған адамдардың алатын ақшасы көбейеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2027 жылдан бастап осы жәрдемақылар 8,5 пайызға артады.
Мәселен, биыл асыраушысынан айырылған бір адамға 46 783 теңге төленсе, келесі жылы бұл сома 50 760 теңге болады. Екі, үш, төрт және одан да көп адамға төленетін ақша да тиісінше артады.
Ал мүгедектікке байланысты берілетін әлеуметтік төлемдерде ең алдымен азаматтың денсаулық жағдайы, яғни мүгедектік дәрежесі негізге алынады. Егер ол ресми жұмыс істеген болса, соңғы екі жылдағы табысы ескерілмек. Сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қанша уақыт болғаны, яғни еңбек өтілі де есепке алынады. Демек, жұмыс өтілі мен жалақысы жоғары азаматтардың алатын қаржысы да көбірек болады.
Жақсылық Жасұланұлы