Астанада 60-қа жуық озық бастаманың басын қосқан бірегей көрме өтті. «KAZAKHSTAN PREVENTION DAYS – 2026» іс-шарасында жасанды интеллект пен қауіпсіздіктің жаңа форматы таныстырылды. Ауқымды форум Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен ұйымдастырылған. Түрленген технологияның тың жетістіктері келушілердің де таңданысын туғызды. Олардың арасында хабарсыз кеткен жандарды жедел іздейтін, алаяқтардың қоңырауын бұғаттауды көздейтін құрылғылар бар. Жолдардың сапасын анықтайтын арнайы платформа да құрастырылыпты. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жобалар ұсынылды. Жиын барысында Германия, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген серіктестер өз тәжірибесімен бөлісті.
АЙДАР САЙТБЕКОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мұның мақсаты – осы елімізде қылмысқа қарсы іс-шаралардың профилактикасын жүргізу, ең бастысы – мынау біздің азаматтардың қауіпсіздігі. Қылмыстарды болдырмау. Профилактика неден басталады? Ол тек қана полицияның жұмысы емес. Ол – осы еліміздегі әр азаматтың жұмысы. Өйткені кішкентай балалардан басталады. Егер біз балаларымызды дұрыс тәрбиелесек, егер оларға дұрыс насихат берсек…