Перейти к содержимому
· 20 просмотров

Еңбек министрлігі ескерту жасады

Жеңіл жұмыс, миллиондаған табыс! Өзге елде отырып-ап жоғары жалақы төлейміз деп, уәдені үйіп-төгіп, қазақстандықтарды шетелге жұмысқа шақыратындардың қатары көбейген бүгінде. Әсіресе, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді хабарламалардың саны артқан. Осы ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отандастарымызға ескерту жасады. Жауапты ведомствоның хабарлауынша, мұндай ұсыныстардың артында Қазақстанда ресми тіркелмеген делдалдар мен алаяқтық топ тұруы мүмкін. Оған дәлел – соңғы уақытта жарнамаға сеніп, ақшасынан айырылып, қиын жағдайға тап болғандар жиілеген. Дәл осындай сәтте басқа елде жүргендіктен, зардап шеккендердің құқығын қорғау да өте қиын. Осылай деген министрлік ел азаматтарын кез келген ақпаратты мұқият тексеріп, ресми сайттағы хабарламаларға ғана сенуге шақырды.

← Все новости