Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты

Отандасымыз Азия рекордын жаңартты! Давид Дегтярев 192 келі зілтемірді көтеріп, Азия Пара ойындарының алтынын жеңіп алды. Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан додада сынға түскен спортшымыз құрлықтағы үздіктердің бірі екенін тағы дәлелдеді. Бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы үш медальмен толықты. Оқ атудан Еркін Ғаббасов алтын жүлдеге қол жеткізсе, пара пауэрлифтингтен Тұрсынай Қабыл 104 келіні бағындырып, күміс медаль иеленді. Сондай-ақ пара дзюдодан Ибраһим Нұрмаханұлы жеңіс тұғырынан көрінді.

ИБРАҺИМ НҰРМАХАНҰЛЫ, V АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ:

Ақтық сайыста өзіміздің көрші мемлекетіміздің өзбек палуаны, белгілі палуан. Кеше, осыдан бірер күн бұрын, сол палуанға Әлем чемпионатында есе жіберген болатынмын. Сол қателіктерді түзеп, Аллаға шүкір, міне, жеңімпаз атанып отырмыз.

← Все новости