Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Әскердің әзірлігі қандай?

Саптағы сарбаздың саулығы маңызды. Сонымен бірге серт берген Отан қорғаушының әскери әзірлігі сапалы, таршылық көрмейтіндей деңгейде болуы шарт. Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің қос орынбасарын қабылдап, бірқатар міндет жүктеді. Президент армияның ең басты қажеттіліктерін қаржылық тұрғыдан өтеуді және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды шегелеп тапсырды. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбеков пен министрдің орынбасары Татьяна Савельева жауынгерлердің жай-күйі мен дайындығы, әскердің қажеттіліктерін қаржыландыру және армияны дамыту бағдарламасы туралы мәлімет берді.

← Все новости