Кореяда заң бұзып жүрген тағы бір жерлесіміз ұсталды.
Бұл жолы Инчхон қаласында 21 жастағы қазақстандықтың қолына кісен салынды. Ол жазда досымен бірге жергілікті азаматтың көлігін тоқтатып, қоқан-лоқы көрсеткен екен. Басында тәртіп сақшылары жерлесіміздің кім екенін анықтай алмай, істі жауып тастапты.
Бірақ қоғам наразылығынан кейін полицейлер видеоны қайта зерделеп, күдіктілердің жеке басын анықтады. Сөйтіп, оған бірнеше бап бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Онымен бірге көлікте отырған тағы бір жерлесіміз Корея аумағында заңсыз жүргені үшін Қазақстанға депортацияланған.
Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғадан хабардар. Сол жақтағы дипломаттар отандасымызға қажетті көмекті көрсетіп жатқан көрінеді.
Қайыркен Отыншы