Қонаевта арнайы кешен сатылымға шығарылды.
Бес қабатты ғимаратта келушілерге қонақ үй мен мейрамхана да қарастырылған. Құмархананың аукциондағы бастапқы құны — 1 миллиард 760 миллион теңге. Арнайы сауданы ұйымдастыратын сайттың дерегінше, нысанның жалпы аумағы 5 мың шаршы метрден асады.
Оның іргетасы 2014 жылы қаланған. Қазір бос тұрғандықтан айналасын арам шөп басып кеткен. Сауда-саттық лотына іргелес жатқан 20 сотық жер телімі де кіреді. Үміткер бәссаудаға қатысу үшін алдымен 264 миллион теңге кепілдік жарна енгізуі тиіс. Казиноның жаңа қожайыны ертең анықталады.
Қайыркен Отыншы