Қарағандылық жасөспірімдерді зар қақсатып жүрген ер мен әйел ұсталды.
33 жастағы ер адам мен 29 жастағы келіншек велосипед көрсе, алып кетеді екен. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бес күн ішінде талай баланы жаяу қалдырып, 300 мың теңгенің затын ұрлаған. Елдің күмәнін сейілту үшін екеуі жұп болып жүріп, жымысқы ойларын іске асырады.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері қылмыстық тандемнің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қарағанды қалалық полиция басқармасы тұрғындарды велосипедтерді, самокаттарды және балалар арбаларын кіреберістерде немесе дүкендердің маңында қараусыз қалдырмауға шақырады.
Қырмызы Жандос