Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Бүгінгі көшет – ертеңгі сая

Бүгінгі көшет – ертеңгі сая. Алматыда осындай атаумен фестиваль өтті. №187 мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар ағаш егіп, республикалық «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосуды ұйғарыпты. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты табиғатты аялауға баулу. Ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай 35 шырша, алма ағашы мен 300 түп раушан гүлі отырғызылды. Фестивальге Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері, елге белгілі тұлғалар атсалысып, жас ұрпаққа өнеге көрсетті. Аға буын өкілдері әрбір отырғызылған көшет табиғатқа қамқорлықтың және келер ұрпаққа жасалған ізгі қадамның белгісі, дейді.

САЛТАНАТ ҚҰСАЙЫНОВА, НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде, жалпы табиғатты аялауға баулуда осы акциялардың рөлі ерекше. Осы Республика күніне арналған шарада 35 түп қарағай сыйға тартты. 35 раушан гүлін сыйға тартты. Сондықтан да керемет мерекеміздің алдында осындай шара өтуде.

← Все новости