Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Жетісу облысында 5 ауылға газ берілді

Жетісу облысында бір күнде бес елді мекенге табиғи газ берілді.

Ауылдарға көгілдір отынды қосу үшін 60 шақырымға жуық құбыр тартылған. Енді отын тасып, көмір жақпаймыз деген тұрғындар дән риза. Ауқымды жұмысты атқарған облыс әкімі мен жауапты компанияға өз алғыстарын да білдірді.

Бибігүл Батырбекова, Ақарал ауылының тұрғыны:

Газ келгеніне қуанып жатырмыз. Бұрын отын тасып, көмір жағатынбыз. Әрине, қиын болды. Бір жылда 3–4 тонна көмір жағамыз. Соны алып келу, алып келген машинаға төлеу керек. Үйіміз жылып, немерелер келгенде үй жылы тұрады деп қуанып жатырмыз.

Бүгінде Панфилов ауданында 11 ауыл толық газбен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін тағы 15 елді мекенге желілік құбыр салынбақ. Осылайша 60 мыңнан аса адам табиғи отынның игілігін көре алады.

Нұржан Түймебаев, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу облыстық филиалының директоры:

Мемлекет басшысы еліміздің газдандыру деңгейін 80 пайызға дейін жеткізу міндетін қойған болатын. Қазіргі таңда Жетісу облысында газдандыру жұмысы ауқымды жүріп жатыр. Ол күнделікті түрде облыс әкімінің бақылауында. Бұл жұмыс ары қарай жалғасады. Үшарал бағытындағы 84 елді мекенге газ қосу 2028 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жанар Арғын

← Все новости