Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Полиция ата-аналарға маңызды ескерту жасады

Полиция ата-аналарға күзгі каникул кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін ескертті.

Себебі оқушылардың бос уақыты көбейіп, көшеде көбірек жүруі мүмкін. Осыған байланысты құқық қорғау органдары азаматтарға балаларының қайда жүргенін, кімдермен араласатынын бақылап, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға кеңес береді.

Сондай-ақ мамандар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында жүруіне қатысты заң талаптарын сақтау керектігін мәлімдеді.

Аида Сатылғанова, Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы:

Ата-аналарға балаларымен қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Астана полициясы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі — ересектердің ортақ жауапкершілігі.

Рамазан Палмағанбет

← Все новости