Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Креативті экономикаға қолдау

Елімізде креативті индустрияны дамытуға басымдық беріліп отыр. Бүгін Құрылтай депутаттары мен мемлекеттік органның өкілдері және сала мамандары бас қосты. Жиында заң жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланып, түрлі ұсыныстар айтылды. Бастаманың негізгі мақсаты – мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіріп, отандық креативті өнімдерді шетелге шығару. Сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформа құрып, шығармашылық жобаларды қаржыландыру көзделіп отыр.

ДАРХАН АХМЕДИЕВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазір біз креативті индустрия, креативті экономика саласында арнайы заң жобасын қарастырып жатырмыз. Бұл – біздің комитет депутаттарының ұсынысы. Біздің партияның мақсаты – бұл саланы 3 пайызға дейін көтеру. Сондықтан осы мақсатты қарастыра отырып, біздің талантты жастарымызға, азаматтарымызға жағдай жасау керек.

← Все новости