Перейти к содержимому
· 10 просмотров

«Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны таныстырылды

«Кітап оқитын ұлт» жобасының енді әнұраны бар. Республика күні қарсаңында жалпыхалықтық бастаманың гимні мен бейнебаяны жарық көрді. Қазақ және орыс тілдерінде жазылған туындыда ұрпақтар сабақтастығы, білімге ұмтылу мен ел бірлігі кеңінен көрініс тапқан. Әнұранның сөзі мен музыкасының авторы – «Кітап оқитын ұлт» жобасының Астана қаласындағы кеңсе жетекшісі Жақсыбай Боранбаев. Бейнебаян елордадағы Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қамбар Рахметовпен бірлесіп әзірленіпті. Жасанды интеллект технологиялары қолданылған клип цифрлық форматта көпшілікке ұсынылды.

← Все новости