Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдіктер басталды

Еліміздегі сауда орындарында жаппай жеңілдік басталды. Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары ұйымдастырылып жатыр. Науқанға 649 сауда нысаны қатысып, кей тауарларды 50 пайызға дейін арзан бағамен ұсынып отыр. Азық-түліктен бастап, тұрмысқа қажетті тауарлардың құны 10-нан 70 процентке дейін төмендеген. Мереке қарсаңында тұрғындардың өздеріне керекті затты тиімді бағада сатып алуына мүмкіндігі бар. Мамандар аталған акция азаматтардың отбасылық бюджетін үнемдеп, мерекелік көңіл күй сыйлауға бағытталған дейді.

АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР САУДА КОМИТЕТІ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Аталған акциялардың негізгі мақсаты – халыққа жеңілдетілген тауарларды ұсыну және сауданы дамыту болып табылады. Акцияларға қатысушы сауда нысандарының мекенжайлары жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында көрсетілген.

Жалпы ауқымды акцияға еліміздегі 230-дан астам сауда және ойын-сауық орталығы қатысып жатыр. Мерекелік науқан 27 қазанға дейін жалғасады.

← Все новости