Перейти к содержимому
· 14 просмотров

160 отбасына баспана берілді

Мереке қарсаңында 160 отбасы баспаналы болды. Қызылордалықтар қоныстой жасап жатыр. Қаланың сол жағалауынан берілген пәтерлер «апатты үйлер және әлеуметтік осал топ» санаттары бойынша кезекте тұрған жандарға бұйырды. Аймақ басшысы халықты баспанамен қамту мәселесі мемлекет үшін басым бағыт екенін атап өтті. Сыр өңірінде соңғы төрт жылда тұрғын үй кезегінде тұрғандарға сегіз мыңға жуық үй берілген. Жыл аяғына дейін тағы үш мың қызылордалық баспаналы болады деп күтілуде.

МАЙРА ЖОРАБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Тоғыз жыл екі ай аварийный үйде тұрдық, бес жыл кезек. Сонымен жақсы көңіл күйдеміз. Шүкір, Аллаға, төбеміз көкке жетті деп айтуға болады. Үй кең, жақсы, ремонты дайын уже. Ешнәрсе істемейміз, готовый үй ғой, бірден кіріп отыра қаламын.

Сонымен қатар жиын-терімнің аяқталуына орай облыс орталығында «Алтын күз-2026» іс-шарасы ұйымдастырылды. Жергілікті ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Қызылорда өңірінде биыл егіс көлемі 7 мың гектарға артып отыр. Жылдар бойы тынымсыз еңбек етіп, ел ырысын еселеуге үлес қосқан дала еңбеккерлері де марапатталды бүгін.

ЖАҚЫПБЕК ТОРТАЕВ, ОЗАТ ЕГІС БРИГАДИРІ:

Мен отыз жеті жыл ауылда жұмыс істеп келемін. Он жыл өзім күріш еккенмін. Содан бері осы саладамын. Бригадалар арасында ең жақсы өнім алғаным үшін, міне, марапат иесі болып жатырмыз. Ауылымыздағы жалғыз бригадир емес, ауылдағы механизатор, сушылардың барлығының еңбегі зор. Солардың арқасында осындай жетістікке жетіп жатырмыз.

← Все новости