Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Есілдің суы тартылып қалды

Астанаға көлтаусар келіп қалған ба? Есілдің суы бір түнде топырағы шығып тартылып жоқ болып кетті. Өзенді көрген елорда тұрғындарының төбе шашы тік тұрды.

Ужас, что с рекой стало! Вчера этого не было. Представляете, вода ушла вся.

Ерке өзеннің қазіргі көрінісі осындай. Кенесары мен Бейсеков көшелерінің аралығындағы аумақта су деңгейі айтарлықтай төмендеген. Үйрек ұшып, қаз қонған мекенді жағымсыз иіс жайлапты. Ағайынды алаңдатқан құбылыстың анығын әкімдіктегілер түсіндірді. Жауаптылардың сөзінше, Есілдің суын реттейтін бесінші бөгетті салып бітіріпті. Ал тіршілік нәрін ескі арна арқылы басқа бағытқа бұрған. Енді бұрынғы орнын толтырудың қамына кіріспек.

← Все новости