Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Әскери реформаға халықтың көзқарасы қалай?

Қауіпсіздік Кеңесінің жиынында мақұлданған әскери реформа елдің Қарулы Күштерін кезең-кезеңімен жаңғыртуды көздейді. Бұдан былай казармалардағы әскери тазалық пен тәрбие жұмыстарына басымдық берілмек. Сондай-ақ сарбаздардың біліктілігі мен кәсіби дайындығы уақыт талабына сай жетілдіріледі. Онымен қоса Ұшқышсыз күштерді құру да басым бағыттардың бірі. Сарапшылар бұл өзгерістердің алдағы уақытта оң нәтиже көрсететінін айтады.

ДИДАР ТЕБАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Екі кезеңді дайындық дәл осы жауынгерлік қабілеті жоғары, технологиялық, заманауи әрі мобильді армия құруға мүмкіндік береді және соған бағытталған. Оқу орталықтары ең алдымен әскери қызметшілердің теориялық білім алып, кейін оны жауынгерлік дайындықта қолдануына негізделген. Бұл — бөлімшелердің өзара үйлесімділігі. Сондай-ақ бізде жаңа әскери мамандықтар да пайда болады деп ойлаймын.

← Все новости