Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Рыбакина рейтингтегі орнын нығайта түсті

Әлемнің бірінші ракеткасы, отандасымыз Елена Рыбакина рейтингтегі көшбасшылық позициясын нығайта түсті.

Әйелдер теннисі қауымдастығы жекелей және жұптық сындағы соңғы нәтижелерді жариялады. Сары құрлық турнирінде жерлесіміз Бейжіңнің Нинбо турнирінде былтырғы чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Қазір теннисшіміздің еншісінде 9 501 ұпай бар. Елена екінші орындағы Беларусь өкілі Арина Соболенкодан шамамен 2 мың ұпайға алда келеді. Енді талантты спортшымыз жылдың қорытынды бәсекесіне дайындалады. Әлемнің үздік 8 теннисшісінің басын қосатын сайыс қарашада АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.

Қайыркен Отыншы

← Все новости