Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жолдады

Елімізде бірінші тоқсан аяқталып, оқушылар күзгі демалысқа шықты. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жолдады. Жауапты ведомство балалардың каникулын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, қауіпсіздігіне де баса мән беруге шақырды. Әсіресе үйде, көшеде жүргенде сақтық шараларын ескерген жөн. Сондай-ақ онлайн өмірде де абай болу керек. Яғни, киберқауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, бейтаныс хабарлама мен күмәнді сілтемелерге кірмеген дұрыс. Осы ретте министрлік каникул кезінде мектептерде спорт, шығармашылық бойынша танымдық іс-шаралар өткізілетінін хабарлады. Бұған әр оқушы ерікті түрде қатыса алады. Осылайша, балалар уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік алмақ.

← Все новости