Перейти к содержимому
· 2 просмотра

Бір жарым мың адам жұмыспен қамтылады

Ақтөбедегі индустриалды аймақтың әлеуеті артты. Соңғы екі жарым жылда аумаққа 130 миллиард теңге инвестиция тартылған. Әу баста 27 жоба жоспарланса, соның 21-і бүгінде жүзеге асып үлгерді. Ал барлығы іске қосылса, жаңа бір жарым мыңға жуық жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. Жалпы, бұл нысанның мүмкіндігі мол. Индустриалдық аймақта инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Инженерлік инфрақұрылым дайын. Бұл кәсіпкердің құрылысқа кететін шығындарын азайтып, кәсібін тезірек іске қосуына үлкен мүмкіндік.

ДАМИР БӨКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Индустриалды аймақтың жалпы жер көлемі 200 гектар. Қазіргі таңда 158 га өнеркәсіптік жобаларға арналған пайдалы ауданды құрайды. 61 жұмыс орны ашылды.

← Все новости