Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Бір жарым мың адам жұмыспен қамтылады

Ақтөбедегі индустриялық аймақтың әлеуеті артты.

Соңғы екі жарым жылда аумаққа 130 миллиард теңге инвестиция тартылған. Әу баста 27 жоба жоспарланса, соның 21-і бүгінде жүзеге асып үлгерді. Ал барлығы іске қосылса, бір жарым мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.

Жалпы, бұл нысанның мүмкіндігі мол. Индустриялық аймақта инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Инженерлік инфрақұрылым дайын. Бұл кәсіпкердің құрылысқа кететін шығындарын азайтып, кәсібін тезірек іске қосуына үлкен мүмкіндік береді.

Дамир Бөкеев, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары: «Индустриялық аймақтың жалпы жер көлемі — 200 гектар. Қазіргі таңда 158 гектар өнеркәсіптік жобаларға арналған пайдалы ауданды құрайды. 61 жұмыс орны ашылды».

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Все новости