Перейти к содержимому
· 17 просмотров

Президент Теміртауға не үшін барды?

Президенттің күн тәртібі әдеттегідей қауырт. Күні кеше Анадолыға сапарлаған Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Орталық Қазақстанға ат басын бұрды. Мемлекет басшысы мінген нөмірі 1 борт бірер сағат бұрын кеншілер шаһарындағы әуежайға қонды. Жұмыс сапары барысында Теміртаудағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандардың қызметімен танысу жоспарланған. Президент ең алдымен өңір экономикасының тірегіне айналған алпауыт кәсіпорынды бетке алды.

ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Теміртаудағы Qarmet металлургиялық комбинатына келді. Жолдауда келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау ұсынылды. Елде жолдар мен әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылым жаңаруы керек. Мұндай құрылысқа қажетті материалдарды отандық кәсіпорындар өндіруі маңызды.

Қазір комбинат аумағында жаңа сортты прокат кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Кешен іске қосылғанда жылына 540 мың тоннадан астам дайын өнім шығаруға қауқарлы болады. Мұнда құрылысқа қажетті арматура, бұрыштық темір мен швеллер өндіру жоспарланған.

Өндірістегі өзгерістер мен жұмысшыларға жасалған жағдай туралы комбинат металлургі Ерғали Байдуллаевтан сұрайық.

ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:

Ерғали мырза, сіз жұмыс істеп жүрген кезеңде комбинатта қандай өзгерістер болды? Жұмысшыларға жасалған жағдайдан қандай жаңалық байқадыңыз? Бүгін Мемлекет басшысының кәсіпорынға келуі сіздер үшін нені білдіреді?

← Все новости