Перейти к содержимому
· 18 просмотров

Хэллоуинді тойлағандар полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты

Алматыда Хэллоуин мерекесін атап өткендер ұсталды.

Әлеуметтік желіде тәртіп сақшылары бір топ жасты полиция көлігіне отырғызып жатқан видео тарады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адам көп шоғырланатын орындарда рейд жүргізілген.

Тексеру кезінде Арбат аймағынан түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүрген 28 жасөспірім анықталған. Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік материалдар жиналды.

Погондылар Хэллоуин мерекесін атап өтуге қарсылықтары жоқ екенін жеткізгенімен, кәмелетке толмағандардың 23:00-ден кейін көшеде жүруіне болмайтынын ескертті.

Ғалымжан Кенжебек

← Все новости