Ақтөбенің студенттері қалдықты да кәдеге асырады. Осылайша, олар өзгелерге де қоршаған ортаны қоқыстан тазартуды насихаттады. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті үшін тонналап пластик пен қағазды жинау — қалыптасқан дағды. Одан бөлек ай сайын тұрмыстық қалдықтардан әзірленген заттардың көрмесін өткізеді. Оқу ордасында арнайы экологиялық сағаттар ұйымдастырылып, ол жерде қоқысты сұрыптау тәртібін үйретеді. Ал макулатура тапсырудан түскен қаражатты университеттің саябағын көгалдандыруға жұмсайды екен.
ДӘУРЕН ОРАЗАЛИН, УНИВЕРСИТЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ЖАСТАР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Макулатура мен пластик тапсыру дәстүрлі түрде өтіп жатыр. Жылдың басынан бастап 8 мың тонна пластик, 2 жарым тонна макулатура жиналды. Бүгін тапсыру күні бізде. Шамамен 1 тонна макулатура жиналады деген ойдамыз.