Ақтөбеде бүгін тапа-тал түсте неке сарайында жан түршігерлік оқиға болды. 26 жастағы әйелді азаматтық некеде тұрған жігіті пышақтаған. Күдікті көп кешікпей ұсталды. Оқиғаның мән-жайы мен себебін полицейлер анықтап жатыр.
ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмыстың себептері мен салдарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.