Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Қазақстанда ЭКО арқылы дүниеге келген тұңғыш қыз

Қазақстанда алғаш рет ЭКО арқылы дүниеге келген қыз Алматыға сонау Лондоннан қонаққа келді.

Еліміздегі тұңғыш «пробиркадағы сәби» бүгінде 30 жаста. Ол өзі дүниеге келген ғажайып эмбриологиялық зертхананы аралап, екінші анасы саналатын барлық дәрігерлермен танысты.

Бұл — 35 жыл ішінде 30 мыңға жуық отбасына үміт пен бала сыйлаған таңғажайып орталық. Клиника әлемдік стандарттарға сай және қосалқы репродуктивті технологиялар саласындағы үздік зертханалардың бірі болып есептеледі.

Салтанат Байқошқарова, емхана жетекшісі: «Отыз бір жыл бұрын ЭКО-ны үлкен қиындықпен бастадық. Соның нәтижесінде 9 айдан кейін осы қыз бала дүниеге келген еді. Одан кейін Қазақстанда 50 мыңнан астам бала дүниеге келді. Ол кезде екі-үш маман болсақ, қазіргі кезде біздің клиниканың өзі 14 қалада бар. Әріптестеріміздің 30-дан астам клиникасы бар. Бұл сала қатты дамыды».

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Все новости