Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Мал ұрлаған қылмыскерлер ұсталды

Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті. Барымташылар ауыл тұрғындарын әбден зар қақсатқан. Жайылымда жүрген жылқы мен қойды, ірі қараны қоймайды екен. Тексеріс барысында күдіктілердің бес бірдей қылмысқа қатысы бар екені әшкере болды. Қазіргі таңда төрт азамат қамауға алынса, тағы біреуіне елден шықпау туралы қолхат берілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Мал ұрлығымен күрес жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Жыл басынан бері Павлодар облысында мал ұрлығының 21 дерегі ашылып, 9 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Заңды иелеріне 200-ден астам бас мал қайтарылды. Аталған жағдайлардың барлығында малдың қараусыз жайылымда жүрген жерінен ұрланғаны анықталды. Әрбір дерек бойынша полиция кінәлі адамдарды анықтау, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және ұрланған мүлікті қайтару бағытында тиісті шаралар қабылдауда.

← Все новости