Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Қарыздан басталған дау атысқа айналып кетті

Жамбылда қарыздан басталған дау атысқа айналып кетті. Байзақ ауданының тұрғыны берешегін талап етіп келген төрт жігітке оқ жаудырды. Оқиға кеше таңғы сағат төрт шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Бурыл ауылының тұрғыны танысынан телефон сатып алып, ақшасын уақытында қайтармаған. Кейін қарызын талап етіп келген азаматтармен сөзге келіп, арада жанжал туындапты. Борышкер оларға суық қару кезеніп, бірнеше рет оқ атқан. Көрген-білгендердің айтуынша, төрт жігіт түрлі дене жарақатын алған. Алайда Денсаулық сақтау басқармасы жараланған азаматтардың ауруханаға жеткізілмегенін хабарлады.

БАЙЖАН БАЙГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар барлық адамдар анықталып, полицияға жеткізілді және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

← Все новости