Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Балабақшада бүлдіршіндерді ертегімен ұйықтатады

Астанадағы балабақшалардың бірінде ұл-қыздар түскі уақытта ертегісіз ұйықтамайды. Бүлдіршіндердің көз ілер алдында ақжаулықты әжелердің ертегі айтып беруі әдетке айналған. Бұл игі бастаманы қолға алған – № 81 «Әсемгүл» бөбекжайы. Көпті көрген аналар кейде қиялдағы қаһармандарға жан бітірсе, бірде өмірден көрген-түйгенін айтып, кішкентайларға ақылын қосады. Осындай жақсы үрдіс арқылы баланың бойына мейірім мен ізгілік сіңіп, бірте-бірте асыл қасиеттер қалыптасары анық.

ГҮЛНАР КӨКЕНОВА, ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ МҮШЕСІ:

Балалар, әрине, қуана күтеді. Өте жақсы қабылдайды. Негізі ертегінің балаларға беретіні өте көп. Балалардың ой-қиялын, сөздік қорын, ұлттық сананы тәрбиелік мәні бар болғаннан кейін біз әртүрлі тәрбиелік мәнге сай ертегілерді оқып беруге тырысамыз.

ЖАЗИРА МАМАТОВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:

Әженің ең бірінші тәрбиесі – бұл әсіресе жас отбасыларын бала тәрбиесіне келген кезде үлкендердің тәрбиесі, ақыл-кеңестері баланы қалай тәрбиелеу керек, тыйымдар, ырымдар, ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында осы әжелер мектебін құрдық. Жоспар бойынша жұмыс жасап жатырмыз.

← Все новости