Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 12 просмотров

Ақтауды су басты

Ақтау халқы көшеге шыға алмай отыр. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелерін су басты. Коммуналдық қызметтер күні-түні тоқтамай жұмыс істеп, 10 мың текше метрге жуық суды сорып шығарды. Жұмысқа 20-ға жуық арнайы техника мен 50 жұмысшы жұмылдырылды. Өңірде жаңбыр әлі тоқтамай тұр, желдің екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін. Бұл — Маңғыстау облысы үшін сирек құбылыс. Түн ішінде облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров көшеге шығып, «қаланың көшесін дереу құрғатыңдар» деп қызметкерлерге әбден ұрсыпты.

БЕКБОЛ ОРЫНБАСАРОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Не мынау, не сұмдық? Барлық ақшаны салыңдар, тартыңдар техниканы, таңды күтпеңдер емес, қазір түнде істеңдер.

← Все новости