Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

Енді Шенген визасын алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

Отандық туристер үшін жағымды жаңалық! Енді Шенген визасын алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін. Қазір Қазақстан мен Еуропа елдері арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде бірқатар маңызды мәселе бойынша ортақ мәміле жасалған. Егер бәрі ойдағыдай болса, визалық төлем құны төмендеп, рұқсат мерзімі ұзармақ. Сонымен қатар талап етілетін құжаттардың тізімі де барынша қысқартылады. Алайда нақты шешімнің қашан қабылданатыны әзірге белгісіз. Десе де жауапты ведомство өкілдері жақын арада оң нәтиже болады деп үміттеніп отыр.

← Все новости