Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Картасында ақшасы барлардың қалтасына салмақ түседі

Картасында 1,5 млн теңгесі барлардың қалтасына салмақ түсейін деп тұр. Елімізде мобильді аударымдарға қатысты жаңа талап күшіне енді. Бұдан былай үш ай қатарынан жеке шотына кемінде 100 адамнан ақша құйылып, аударымдардың жалпы сомасы 1 миллион 557 мың теңгеден асқан азаматтарға салық салынуы мүмкін. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл кәсіпкерлік қызметке арналмаған. Азаматтардың жеке банк шоттарына қатысты. Тексеру үш кезең бойынша жүргізіледі. Алдымен азаматқа ескерту хабарламасы жіберіледі, кейін камералдық бақылау жүргізіліп, заңбұзушылық белгілері анықталған жағдайда ғана салықтық тексеру тағайындалады. Айта кетейін, бұған дейін 3 айдағы жалпы сома 1 млн 20 мың теңгеден асуы тиіс еді.

← Все новости