Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 12 просмотров

Менеджердің қулығы

Ұлытау облысында банк менеджері тұрғындарды тақырға отырғызды.

Ол сақтандыру өтемақысын рәсімдеп беремін деген желеумен үш клиенттің 200 мың теңгеге жуық ақшасын жымқырған. Прокурорлардың мәліметінше, күдікті қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың сеніміне кірген.

Жәбірленушілерге тиесілі төлемді өндіріп беруге уәде еткенімен, аударылған қаражатты өз қалтасына басыпты. Алаяқтық дерегі мекеменің ішкі тексеруі кезінде әшкере болды. Сот айыпталушыны кінәлі деп таныды.

Үсен Астана

← Все новости