Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

Көлік жуатын орындарға жаңа талап қойылады

Енді көлік жуатын орындар суды үнемдеп, қайта тазалап қолданатын арнайы жүйе орнатуға міндеттелмек. Бұдан былай ауызсуды осындай мақсатқа жұмсайтын кәсіпкерлерге талап күшейеді. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімовтің айтуынша, жаңа қондырғы пайдаланылған суды сүзгіден өткізіп, қайта айналымға жібереді. Яғни бір суды бірнеше рет кәдеге жаратуға мүмкіндік бар. Бұл талап көлік жуу бекеттерімен қатар, таза суды өндірістік қажеттілікке пайдаланатын өзге де кәсіпорындарға да қатысты.

ЖАНДОС СӘЛІМОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Министрлік бассейндік су инспекцияларымен және сумен жабдықтау ұйымдарымен бірлесіп, су заңнамасының талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар еліміздегі барлық көлік жуу орындары туралы мәліметтер нақтыланып, суды қайта пайдалану технологияларын енгізу жұмыстары кеңейтілуде.

← Все новости