Ақмола облысында су жаңа 15 темір тұлпарды тиеген екі автотасушы жол апатына ұшырады. Салдарынан бес жеңіл көлік тасжолдың жиегіне аударылып қалған. Полиция мәліметінше, шетелдік жүргізушілер бұл машиналарды Қорғастан Ресейге тасымалдап бара жатыпты. Алайда көктайғақта алдыңғы автотасушының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, соңында келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Екпіні қатты соққыдан қос көлік те жолдан шығып кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.