Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 14 просмотров

Оқушылар бір-бірін таптады

Оқу-жаттығу оқыс оқиғаға ұласты! Атыраудағы мектептердің бірінде ұл-қыздар бір-бірін таптап, жарақат алды. Келеңсіз жағдай төтенше жағдай кезінде ғимараттан шығу тәртібін үйретуге арналған оқу-жаттығу барысында болған. Оқушылардың бәрі есіктің алдына жиналып, кептеліс туындапты. Салдарынан бірнеше бала көпшіліктің арасында қысылып, денелері көгерген.

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Мұндай жаттығу балаларды төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылады. Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ата-аналарына хабар берілді. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты. Оқиғаның себептері анықталып, оқушылар мен педагогтер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін эвакуация жоспары қайта қаралып, оқу-жаттығуларды ұйымдастыру тәртібі күшейтіледі. Орын алған жағдай үшін кешірім сұраймыз!

← Все новости