Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 14 просмотров

«Құдашаның» құдіреті

Павлодарлық оқушылар әйгілі әлеуметтік желіде жұлдызға айналды. «Дос-Мұқасанның» «Құдаша» әніне түсірілген бейнежазба бір тәуліктің ішінде 600 мыңға жуық лайк жинап, 10 мыңнан астам пікір жазылған. Түрлі ұлт өкілдерінен құралған топтың өнеріне тәнті болған көпшілік таңданысын жасырмай, жылы лебіздерін аямай жазыпты. Кәсіпқой биші болмаса да, 3 апта дайындалған балалардың еңбегі ақталып, мыңдаған жанды мәз етті. Ал идеяның авторы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары екен.

← Все новости