Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

Кәсіпкерді атқан адам ұсталды

Ақтөбеде кәсіпкерді атып кеткен күдікті ұсталды. Ол — қаланың тұрғыны болып шықты. Бірақ марқұмның танысы ма, әлде бөгде адам ба – құзырлы органдар ләм-мим демеді. Қылмысты ашу үшін Ақтөбеге Астанадан ішкі істер министрлігінен арнайы мамандар келген. Сөйтіп екі тәулік өткен соң жергілікті полиция ресми мәлімдеме жасады.

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде полиция қызметкерлері кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні болған еді. Жеке үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды. Әлеуметтік желілерде тұрғындар оқ жарақатынан көз жұмған марқұмның кәсіпкер, жанармай құю станциясын басқарғанын жазды. Оған оқ атқан кім екенін анықтау үшін қалада тергеу және жедел іздестіру шаралары жүрді. Қазір күдіктіге қатысты адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

← Все новости